ШҚО-да қарлы боранға байланысты тасжолдардың бірі жабылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қарлы боранға байланысты тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ мәліметіне сүйенсек, өңірде қалың қар жауып, боран соғуына байланысты 13 қаңтарда сағат 08.30-дан бастап «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906 шақырымы (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығы) көліктің барлық түрлері үшін жабылды.
Осы ретте, Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.