ШҚО-да қарлы боранның салдарынан бірнеше бағыттар бойынша автожолдар жабылды - ТЖМ
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында қарлы боранның салдарынан бірнеше бағыттар бойынша күре жолдарда қозғалыс шектелді,
деп хабарлады бүгін ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.
Мәселен, кеше, қаңтардың 29-ы күні сағат 19.30-да көліктің барлық түрлері үшін республикалық маңыздағы «Үшарал-Таскескен» (558-683 шақырым аралықтары), облыстық маңыздағы «Күршім-Қалжыр-Ақбұлақ-Қарой-Ашалы» (0-98) және «Мақаншы-Жалаңашкөл» (0-70) автожолдарына шығуға тыйым салынды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының аумағында көктайғақ және бұрқасынның болуы себепті, «Үшарал-Достық» тас жолы қаңтардың 25-інен бастап жабық.