ШҚО-да қарыз берген тұрғындар 20 млн теңгеге алданған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендік ер адам алаяқтықтың жаңа түрін ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да қарыз берген тұрғындар 20 млн теңгеге алданған

ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті танымал жарнама сайттары арқылы пайызбен қарыз алатынын хабарлаған. Осылайша 2 жыл бойы ақшалы адамдарды алдап келген.

«Өз ісінен күдік тудырмас үшін ол қарыз берушілермен депозит ашу туралы келісімшарттар жасасып отырған. Ол шартта қарыздың ай сайынғы өсімі 8,5 пайыз деп көрсетілген. Жедел іздестіру арқылы күдіктінің кім екені анықталды. Бүгінге дейін 36 жастағы өскемендік ер адамның үстінен 28 арыз түсті. Жалпы шығын көлемі - 20 млн теңге», - делінген департамент дерегінде.

Қазір күдікті Өскемен қаласындағы уақытша қамау изоляторында отыр. Үстінен ҚР қылмыстық кодесінің 190-бабы бойынша сотқа дйінгі тергеу басталды.