10:20, 13 Мамыр 2024 | GMT +5
ШҚО-да кәсіпорын қызметкерлеріне 12,6 млн теңге жалақы төленбеген
АСТАНА. KAZINFORM — ШҚО прокуратурасының араласуынан кейін 12,6 млн. теңге жалақы төленді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «Шығысстройгруп» ЖШС банкроттық басқарушысы 2 жылдан астам уақыт бойы 42 қызметкердің алдында 12,6 млн.теңге жалақы берешегін өтеу үшін өз мүлкін сату шараларын қабылдамаған.
Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпорынның бұрынғы басшысы банкроттық басқарушы және салық органдарымен жұмыс кездесуін өткізіп, құқықтық және әдістемелік көмек көрсетілген. Нәтижесінде, банкрот деп танылған кәсіпорынның мүлкі сатылып, қызметкерлерге төленбей келгент қарыз толығымен өтелді.