ШҚО-да қатты жел 3 адам отырған қайықты аударып жіберді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Сарыбел ауылындағы Бұқтырма су қоймасында қатты желден 3 адам отырған қайық аударылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 тамызда сағат 16.00-де Бұқтырма су қоймасында 3 адам резеңке қайықпен жүрген. Кенет қатты жел соғып кетті. Сол кезде желдің қайықты төңкеріп түсіру мүмкіндігін сезген демалыс орнының әкімшісі дереу учаскелік инспекторға хабарласқан.

Осы кезде үш азамат өз беттерімен жағаға жетуге тырысып жатты. Алайда екпінді желден қайық аударылып түскен.

«Оқиға орнына келген Самар полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, лейтенант Тілек Елтаев бірден суға секірді. Қайық аударылған жерге жеткен ол қайықты ұстап алып, оған азаматтарға қайта көтерілуге көмектесті. Осылайша, барлығы аман-есен жағаға жетті», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар