ШҚО-да қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының екі ауданында қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осымен екінші күн қатарынан аймақта қатты жел туралы дауылды ескерту жарияланған. Ұлан мен Зайсан аудандарында желдің қатты болғаны сонша бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып жіберді.

Ұлан ауданы Асубұлақ ауылындағы жалпы аумағы 226 шаршы метрге жететін аурухана ғимаратының шатыры зақымданған.

«Зайсан қаласында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетіп, соның салдарынан Кондюрин көшесіндегі тұрғын үйдің, М. Дауленов атындағы мектеп-интернаттың, Әуезов атындағы мектеп пен Боқажанов көшесіндегі ғимараттың шатыры бүлінді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар