ШҚО-да қатты жел мектептің шатырын ұшырып әкетті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қатты жел мектептің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бородулиха ауданында қатты соққан желден мектептің шатыры бүлінген. Бұл туралы аудан әкімдігінен мәлім етті.
«Песчанка ауылындағы дауылдың салдарынан орта мектеп ғимаратына зақым келді. Нақты айтқанда, жел құбырды бұзып, шатырдың бір бөлігін ұшырып әкетті. Қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы 167 мектеп күрделі жөндеуді қажет ететіндігі хабарланған болатын. Алайда олардың тек 73-і ғана жөндеуден өтуде. Қалған мектептер үшін әлі қаражат қарастырылмаған.