ШҚО-да қатты жел салдарынан бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар ауданда қатты жел салдарынан бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 ақпанда ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда күшті желге байланысты кейбір аудандардағы бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқитын болды.
«Шемонаиха, Аягөз, Жарма және Бородулиха аудандарында 1-11 сыныптар мектепке бармайды. Сондай-ақ Ұлан ауданында боран мен көктайғақ салдарынан 1-4 сынып оқушылары онлайн оқиды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-да өткен сенбіде аяз салдарынан бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар қашықтан оқыған болатын.