ШҚО-да қатты желдің салдарынан 4 түзету мекемесі, көпқабатты 8 тұрғын үй жылусыз қалды

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында қатты борап соққан желдің салдарынан 4 түзету мекемесі және көпқабатты 8 тұрғын үй жылусыз қалды,

ШҚО-да қатты желдің салдарынан 4 түзету мекемесі, көпқабатты 8 тұрғын үй жылусыз қалды

деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Ведомство баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кеше, қаңтардың 21-і күні Жарма ауданы Солнечный ауылында қатты борап соққан желдің салдарынан электр жеткізуші желілер үзіліп, ол жылыту трассасының қатуына алып келген.

Төтенше жағдайды жою жұмысымен қазіргі уақытта 12 техника мен жылжымалы және стационарлық 9 аппараттың көмегімен барлығы 87 адам айналысуда.