ШҚО-да көлік қағып кеткен 5 жасар бүлдіршін көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Кеше Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында қайғылы жағдай болды. Жолдан өтіп бара жатқан ана мен баланы көлік қағып кетті. Балақай оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Altaynews.kz.

ШҚО-да көлік қағып кеткен 5 жасар бүлдіршін көз жұмды

Бүлдіршіннің анасы ауруханаға жеткізілген болатын. Алайда, дәрігерлердің айтуынша, 36 жастағы әйел ауруханаға жатудан бас тартқан.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.