ШҚО-да көлік айдаған адамның қанынан есірткі табылды

Есірткі
Фото:ШҚО ПД

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында есірткі қабылдап алған адам көшеде көлік айдаған. 

Тәртіп сақшылары Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің көшелерін патрульдеу кезінде жүрісі күдік тудырған автокөлікті тоқтатты. 35 жастағы жүргізуші медициналық куәландырудан өткеннен кейін, оның есірткіге мас күйде болғаны анықталды.

«Сонымен қатар азаматтың наурыз айында сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Осыған қарамастан ол қайтадан көлік тізгініне отырған», - делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан ақпаратта. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Осы ретте, полицейлер жол қозғалысына қатысушыларға мас күйде көлік айдаудың қайғылы жағдайға душар қылуы мүмкін екенін қатаң ескертеді. 

Соңғы жаңалықтар