ШҚО-да көміртегі тотығынан уланғандар саны 2 жарым есе артты

ШҚО-да көміртегі тотығынан уланғандар саны 2 жарым есе артты
Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысында көміртегі тотығынан уланғандар саны 2 есе артып отыр, деп хабарлайды Kazinform. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы өңір бойынша көміртегі тотығымен 35 адам, оның ішінде 12 бала уланған. Бұл көрсеткіш 2,4 есеге артып отыр. Ал 2024 жылдың басынан бері барлығы 3 адам уланды. Оның екеуі Өскеменде, біреуі Глубокое ауданында.

Көміртегі тотығынан қаза болғандар саны керісінше 2 есе азайды. 2023 жылы 4 адам көз жұмған. Қайғылы жағдайлар пеш пайдалану ережелерінің бұзылуы салдарынан болған.

«Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің маңызды міндеті – азаматтарға өрт және көміртегі тотығымен улану қаупі жайлы ескерту. Жеке құрам халыққа пешті қалай дұрыс пайдалану және бақылау керектігін түсіндіру мақсатында күн сайын жер үйлерді аралап жүр. Бүгінгі таңда 130 000-нан астам үй тексерілді. Соның барысында пешті қауіпсіз пайдалану ережелері бойынша нұсқаулықтар жүргізілді», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 22 057 фактісі анықталды. ТЖД қызметкерлері ұсынымдарынан кейін тұрғындар 6197 бұзушылықты сол жерде жойды.

Соңғы жаңалықтар
telegram