ШҚО-да көне сәнби тайпасының молалары табылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында көне сәнби тайпасының молалары табылды.

тайпа
Фото: Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты

Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтынан ұсынған мәліметке сүйенсек, Катонқарағай ауданындағы Аршаты ауылынан 11 шақырым қашықтықта орналасқан Таутекелі шатқалында археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, I мыңжылдықтың бірінші жартысымен мерзімделетін сәнби тайпасына тиесілі 13 жерлеу-аза тұту кешені табылған. 

тайпа
Фото: Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты

«Ортасында шұңқыры бар молалар тастармен қоршалған. Тереңдігі шамамен бір метр болатын мола шұңқырында негізінен ересек адамның мүрдесі, сирек жағдайда балаларды жерлеген. Ал екі молаға жылқыларды қоса жерлегені анықталды. Мола ішіне қыш ыдыс және жартылай бағалы тастардан жасалған моншақтар да қойылған», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, қазба жетекшісі – Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Азат Айтқали. 

тайпа
Фото: Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты

Жазба деректеріне сәйкес, сәнбилер ғұн империясы ыдырағаннан кейін Орталық Азиядағы этномәдени процестердің қалыптасуы мен дамуында шешуші рөл атқарған көшпелі тайпа болған. Олардың ықпалы аймақтың көшпелі қауымдастықтарының мәдени және саяси дамуының әртүрлі аспектілеріне, соның ішінде жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуына, әскери дәстүрлердің дамуына және әлеуметтік-экономикалық құрылымдарға әсер етті. 

тайпа
Фото: Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты
тайпа
Фото: Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты