ШҚО-да көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы базардан өрт шықты, 250 адам қауіпсіз жерге көшірілді
АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат - Кеше, желтоқсанның 14-і күні түнде Шығыс Қазақстан облысы Жаңа Бұқтырма кентіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан базарда өрт шықты,
250 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Министрліктен хабарлағандай, өрт 00.54 минутта №13-ші бесқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан киім базарынан шығып, ол 280 шаршы метр аумаққа жайылған.
«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Үйдің 250 тұрғыны қауіпсіз жерге көшіріліп, олар туысқандары мен «Гелиос» ЖШС-ның профилакторийіне орналастырылды», деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Тілсіз жау ТЖМ ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің жеке құрамдағы 14 адамның және 3 техникасының күшімен 4 сағаттан кейін ауыздықталды.