ШҚО-да көпір салынып жатқан Бұқтырма су қоймасында қатынайтын паромдардың бірі сынып қалды

 ШҚО-да көпір салынып жатқан Бұқтырма су қоймасында қатынайтын паромдардың бірі сынып қалды
Фото: gov.kz

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында Президент тапсырмасымен көпір салынып жатқан Бұқтырма су қоймасында қатынайтын паромдардың бірі сынып қалды.  

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Самар мен Күршім аудандарының арасын жалғайтын «Қызыл ту» паром өткелінде тек бір паром жүріп тұр.

«Бүгін Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін «Қызыл ту» паром өткелінде екінші паромның сынуына байланысты тек бір паром ғана қатынап жатыр. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталып кетті. Күршім, Самар аудандарының әкімдіктері тұрғындарды түсініктік танытуларын сұрайды. Қосымша тағы бір паромды жұмылдыру бойынша мәселе қарастырылуда», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ салынып жатқан көпір маңында тәртіп сақшылары кезекшілік ұйымдастырып, техникалық көпірмен өтемін деушілерге қатаң шектеу қояды.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Бұқтырмада Қазақстандағы ең ұзын көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар