ШҚО-да коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы қалай

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жұқпалы дертке шалдыққан науқастар туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы қалай

«Қазірде жалпы өңір бойынша 8 адам коронавирусқа шалдыққан. Оның ішінде 1 пациент көз жұмды. Алты адамның денсаулық жағдайы орташа болса, бір науқастың хәлі тұрақты ауыр. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар анықталып, оқшауланған.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Өскемен қаласында коронавируске шалдыққан 1979 жылғы әйелдің қайтыс болғаны жайлы хабарланған.