ШҚО-да құтқару қызметтерінің офицерлерін төсбелгілермен және медальдармен марапаттады
ӨСКЕМЕН. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиналыста көптеген офицерлерді төсбелгілермен және медальдармен марапаттау, сондай-ақ құтқару қызметтерінің жас жауынгерлерінің ант қабылдау рәсімдері өтті.
Өз әріптестерін құттықтаған ШҚО ТЖД-нің бастығы Руслан Нурбатчанов Отанға адал қызмет атқару антын Тәуелсіздік күні беру игі дәстүрге айналғанын атап өтті.
Салтанатты жиналыс Өскемен гарнизонының алаңында жалғасты, онда шахмат, шағын футбол, волейбол және бильярдтан жолдастық жарыстары өтті. Оларға Өскемен қаласына жақын орналасқан бөлімшелердің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері қатысты.