ШҚО-да құтқарушылар мұзда балық аулайтындарға қауіпсіздікті түсіндіру үшін 470 рет рейдке шықты

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары мұзда балық аулайтындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру үшін 470 рет рейдке шықты.

Рыбалка Балық аулау
Фото: Kazinform

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша «Мұз-2024» акциясы аясында мұздағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін рейдтер өткізіліп жатыр. Оған құтқарушылармен бірге жергілікті атқарушы орган өкілдері мен полиция қызметкерлері тартылған.

Осы уақытқа дейін 470 рейд жүргізіліп, 317 балықшыға нұсқаулық берілді. Сондай-ақ су айдындарында ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды.

«Балықшыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілуде. Соған сәйкес, мұз қалыңдығы 10 см-дан кем болғанда үстіне шығуға болмайды. Мұз бетіне шығу үшін оның қалыңдығы 25 сантиметрден кем болмауы тиіс. Өзіңізбен бірге құтқару кеудешесі, ысқырық, қармаушы құрал, диаметрі 12 метрден кем емес арқан, ұзындығы 2 метрден кем емес таяқ болу керек», - дейді департаменттің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ағажаев.

Берік әрі қауіпсіз мұз - көкшіл немесе жасыл түстес келеді. Қалыңдығы 10 см-ден кем болмайды.

Еске салсақ, осыған дейін Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылғаны хабарланған.