ШҚО-да құтқарушылар арасында Қазақстан чемпионаты басталды
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Өскемен қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты басталды. Оның салтанатты түрде ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысты.
«Бұл департамент пен министрлік ұжымы үшін тарихи оқиға. Қатысушыларды құттықтай отырып, сәттілік тілеймін. Баршамыздың Отан алдындағы парызымызды абыроймен орындауымызға тілектеспін», - деді министр.
Чемпионат 3 күн өтеді. Онда республиканың барлық аймақтарынан 19 команда бақ сынайды.
Қатысушылар кедергілермен жүз метрге жүгіру, мұнараның 4-қабатының терезесіне сатымен көтерілу бойынша сайысқа түседі. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрамалары жарыспақ.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да құтқарушылар арасында Қазақстан чемпионаты өтетіндігін хабарлаған едік.