ШҚО-да құтқарушылар жол апатына түскен жүргізушіге көмектесті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар жол апатына түскен жүргізушіге көліктен шығуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Көкпекті ауданындағы «Омбы-Майқапшағай» тасжолының «Байбура» учаскесінде «ВАЗ 2114» және «BMW» көліктері бетпе-бет соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі салонда қысылып қалып, сыртқа қарай шыға алмады. Оқиға орнына келіп жеткен №33 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері гидравликалық қайшының көмегімен ер адамды шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.
