ШҚО-да мамандар өзендердегі кептелген сеңдерді жаруда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар мамандары өңірдегі өзендерде бөгеліп қалған сеңдерді жара бастады. Шемонаиха ауданындағы Уба өзені қатаң бақылауға алынған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Құтқарушылар бұрын сеңнің бөгелуі байқалған бірнеше қауіпті учаскелерде профилактикалық жарылыс жасады.  Өзендегі судың деңгейінің көтерілуі мен су тасқынының қаупін сейілту үшін мамандар Верх-Уба және Шемонаиха кенттерінде жарылыс жұмыстарын жүргізді. Қазір құтқару қызметінің барлық гарнизондарының мамандары су тасқынының қаупі бар аймақтардағы тұрғындармен жұмыс жасауда.

Жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына ауланы қардан тазартып, арықтар мен жыраларды қоқыстан тазартуға кеңес берілді. Жаңбыр жауғанда қар тез еріп кететін және су тасқыны болуы мүмкін аудандарға Глубоковский, Шемонаиха, Зырянов, Қатон Қарағай, Күршім аудандары мен Риддер және Өскемен қалалары кіреді. 

Соңғы жаңалықтар