ШҚО-да МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұрғындар үлесі 80 пайыздан асты

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұрғындар үлесі 80 пайыздан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Биыл өңір бойынша жұртшылыққа медициналық көмек көрсету үшін 122 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде Семейге 54 млрд теңге жұмылдырылған.

Бұл туралы қалалық Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ШҚО филиалының директоры Ғалымжан Әбілов айтып берді.

«МӘМС жүйесінде сақтандырылған адам саны облыс бойынша 1 124 841-ді құрап отыр. Бұл жалпы аймақ халқының 80,9%-ы. Өткен жылмен салыстырғанда сақтандырылған азаматтардың саны 2%-ға артқан», - деді ол.

Ғалымжан Әбіловтің айтуынша, Шығыс Қазақстанда соңғы бір жылда емханаға тұрғындар 4,4 млн рет барған. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда 143 мың науқас ем қабылдаса, күндізгі стационарларда 70 мың науқасқа көмек көрсетілген.


Соңғы жаңалықтар