ШҚО-да мәслихат хатшысының шет ел азаматы екендігіне қатысты ақпарат тексерілуде

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан әкімінің баспасөз қызметі төрт күн бұрын республикалық БАҚ-тың бірінде жарияланған облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головатюктың қос азаматтығы жайлы ақпарат жөнінде ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да мәслихат хатшысының шет ел азаматы екендігіне қатысты ақпарат тексерілуде

«Қазақстандық интернет-ресурстарда жарияланған облыстық мәслихат хатшысы В.М.Головатюктің ҚР және РФ азаматтығы қатар болуы мүмкін деген ақпарат бойынша 2017 жылы 25 қаңтарда облыс әкімдігінде өңірлік құқық қорғау органдарының жетекшілерімен жиналыс өтті,онда аталған мәселе бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат тыңдалды. Жиналыс қорытындысы бойынша, көрсетілген фактілерді тексеруді жалғастыру жөнінде шешім қабылданды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.