ШҚО-да мектеп салғанда қаржы үнемделу үшін дайын жобалар пайдаланылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мектеп салғанда қаржы үнемделу үшін дайын жобалар пайдаланылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдегі мектеп құрылысына қатысты кеңес өткізді. Өз сөзінде ол мәселені жан-жақты зерттеп, демографиялық жағдайды талдап, қай елді мекенге және қанша орындық мектеп салу керектігін айқындау қажеттігін айтты.

«Мектеп салғанда тиімді дайын типтік жобаларды пайдаланған жөн. Слардың бірі – Тавриядағы мектеп. Бұл өте сәтті жоба, осындай жобаларды көбейту керек. Құжаттамаларды әзірлеу өте қымбат процедура. Ал типтік жобалар бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, болашақта Урунхайка ауылында жүз орындық мектеп салынады және сол жобаны басқа елді мекендер үшін де қолдануға болады. Бұдан бөлек, келесі жылы Семейдің Қарағайлы және Ет комбинаты аудандарында білім ордасын салу жоспарланып отыр.

«2023 жылы Өскемендегі облыстық Драма театрдың артынан жаңа мектеп бой көтереді. Өйткені бұл өте қарқынды дамып келе жатқан аудан. Жыланды, Белоусовка кенттері мен Қапай ауылына да жаңа мектеп салынады», - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар