ШҚО-да мотоциклші электр бағанына соғылып мерт болды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында электр бағанына соғылған мотоцикл жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 7 қыркүйек күні сағат 15:35 шамасында Шемонаиха ауданы Первомайский кентінде болған.
«Полевая көшесінде келе жатқан «Honda» маркалы мотоциклдің жүргізушісі рульге ие бола алмай, электр бағанына соғылды. Соның салдарынан 33 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ақпаратта.
Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижеcі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, екі жолаушы көз жұмғанын хабарлаған едік.
Фото: www.instagram.com/eastkazpolice