ШҚО-да мұздақ көлдерге аэровизуалдық шолу жүргізілді

АСТАНА. KAZINFORM — Катонқарағай ауданында ШҚО ТЖД қызметкерлері мен ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары Бұқтырма өзені бассейніндегі 7 мұздақ көлге аэровизуалдық шолу жүргізді.

ШҚО-да мұздақ көлдерге аэровизуалдық шолу жүргізілді
Фото: ШҚО әкімдігі

— Тексеру барысында 2000-2500 метр биіктікте орналасқан барлық көлдердің мұздан толық ашылғаны анықталды. Көлдердегі су деңгейі төмен, ағып шығуы еркін жүзеге асуда, — деп мәлім етті ШҚО ТЖД-дан.

Бүгінде жағдай тұрақты, қауіп-қатер жоқ.

— Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын көлдер әлі мұз құрсауында жатқан кезеңнен бастап толық ашылғанға дейін сел қаупі жағдайын бақылау үшін тексерулер жүргізіледі, — деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов. 

Айта кетелік 2100 жылға қарай мұздықтардың 85%-ы жойылуы мүмкіндігі туралы жазған едік