ШҚО-да оқшаулау режимін бұзған 50 адам жауапқа тартылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған 50 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқшаулану тәртібін елемеген 50 адамға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылған.
«Оның ішінде Семейде 27 тұрғын болса, Өскемен қаласында – 12, Курчатовта – 2, Аягөз ауданында – 3, Ұланда – 2 және Бородулиха, Зайсан, Көкпекті, Тарбағатай аудандарында 1 адамнан анықталып отыр. Салынған айыппұлдың жалпы мөлшері – 2 млн теңгеден асты», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, департамент мамандары халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.