ШҚО-да орман өрті тыйылмай тұр
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 95 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар24.kz сайтына сілтеме жасап.
Жалпы 300 гектардан астам жасыл алқапты от жалмаған. Оның ішінде Семейдегі қарағайлы орман өртінің зияны ауқымды. Мамырдың соңына қарай өршеленген тілсіз жау жасыл желектің 260 гектар аумағын лезде шарпып, 78 миллион теңге шығын келтірді. Орман өрті өңірде әлі де сейілген жоқ.
Таяуда ғана Өскеменнің іргесіндегі Ұлан ауданында жай түсіп, қылқан жапырақты орманның 30 гектарға жуық аумағы жанып кетті.
«Орман өртінің шығуына көп жағдайда найзағайдың түсуі себеп болып жатыр. Осы жақында болған Ұлан ауданындағы өрт те содан шықты. Қазір ол жерде тілсіз жау ауыздықталды. Дегенмен, орманшылар кезекшілік құрып, жағдайды бақылап отыр»,-деді облыстық
ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.