ШҚО-да орман өртінің өршуіне қасақана өрт қою себеп болғанына еш дәлел жоқ – вице-министр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездескен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков өңірде орман өртінің өршуіне қасақана өрт қоюдың себеп болғанына еш дәлел жоқтығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіковтің айтуынша, биыл күн қатты ысып, желдің күшеюі салдарынан тамыз-қыркүйек айларында республиканың барлық дерлік аймағында ірі табиғи өрттер болған. Оның ішінде ең көп зардап шеккен Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Алматы облыстары.

«Шығыс Қазақстан облысында 2022 жылы орман өрті 38%-ға артып отыр. Сондай-ақ шөп өрті 1,9%-ға, дала өрті 33%-ға өскен. Қыркүйек айының басында өңірдің бірнеше жерінде бір уақытта өрт өршіген болатын. Желі екпінді және техниканың жетуі қиын таулы аймақ болғандықтан тілсіз жауды ауыздықтау қиындық тудырды. Сондықтан тікұшақтар да тартылған», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, осы өрттердің шығу себебін анықтау үшін министрлікпен және ҚР ІІМ қызметкерлерімен толыққанды тергеу жүргізілген. Алайда өрттің өршуіне қасақана өрт қоюдың себеп болғанына еш дәлел табылмады.

«Анықталғандай, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан және отты абайсыз қолданудан жалын шықты. Сондай-ақ найзағай салдарынан да өрт болған. Жалпы, біреудің қасақана өрт қоюын дәлелдеудің өзі өте қиын процесс», - деді Марат Күлдіков.


Соңғы жаңалықтар