ШҚО-да өрт болып, 33 адам көшірілді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Кеше кешке Семей қаласында бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы электр қалқанынан өрт шықты. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Өртті сөндіру кезінде 9 адам көшірілді, оның екеуі балалар. Өртті жарты сағаттан кейін «Өрт сөндіру және апатты құтқару жұмыстары
қызметі» мемлекеттік мекемесі (10 адам мен 3 техника) сөндірді. Болжам бойынша, электр жабдықтарын орнату және пайдалану
кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан өрт шығуы мүмкін.
Сол күні Өскемен қаласындағы 10 қабатты үйдің ең жоғарғы қабатында өрт шығып, 24 адам көшірілді, оның 18-і балалар. Өрт аумағы
8 шаршы метрді құраған.
Бір сағаттан кейін өрт сөндірілді. Оны сөндіруге 26 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрттің себебі, шығыны және кінәлі адамдар анықталып жатыр, деп хабарлады ШҚО ТЖ департаменті.