00:02, 21 Сәуір 2025 | GMT +5
ШҚО-да өрт кезінде 70 жуық адам эвакуацияланды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында Тимирязев көшесіндегі 4 қабатты жатақхана ғимаратында өрт шықты. Бірінші қабаттағы бөлмеде 5 шаршы метр алаңда жиһаз жанды. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

— Өрт сөндірушілер қызыл жалынды тез арада өшірді. Қалың түтіннің салдарынан жоғарғы қабаттардан қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 68 тұрғынды, оның ішінде 19 баланы эвакуациялады. ТЖМ апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері азаматтарды тексеріп, қажетті алғашқы көмек көрсетті, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада автокөлік бөлшектері сақталған ангарда болған жоғары деңгейлі өрт сөндірілгенін жазған болатынбыз.