ШҚО-да өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанда орман өртін сөндіру жұмыстары бойынша жедел шаралар қабылданды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ШҚО-да өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

«Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын жерлерде шамамен 20 га алаңда құрғақ шөп пен бұталардың өрті сөндірілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 2 тікұшағы және Қорғаныс министрлігінің 1 тікұшағы тартылып, 72 рет су төгілді. Орманшылардан, өрт сөндірушілерден және ЖАО-дан 200-ден астам адам, 25 техника жұмылдырылды.