ШҚО-да өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жекеменшік үй өртеніп, екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО-да өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды

«28 сәуір күні ШҚО Шемонаиха ауданының Половинка ауылында жеке үйдің 80 шаршы метр аумағы өртенді. Өрт бөлімшелері тілсіз жауды сағат 9:31-де тоқтатты және 12:28-де толық сөндірді», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Жалынды сөндіруге ШҚО ТЖ департаментінің жеке құрамынан 12 адам мен 3 техникасы жіберілген.

«Өрт қалдықтарын тексере келе, үй орнынан 1949 жылғы ер адам мен 1986 жылғы әйелдің мәйіті табылды», - делінген хабарламада.

null