ШҚО-да орын алған жол-көлік апатында 8 адам, оның ішінде 2 бала зардап шекті
АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында Омбы-Майқапшағай тас жолының 1231-шақырымында кеше сағат 19.20-да «Ауди» мен «ВАЗ» көліктері соқтығысты.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қыметі хабарлағандай, орын алған жол-көлік апатының салдарынан «ВАЗ» көлінің 2 жолушысы оқиға орнында көз жұмды. Сол көліктің 2 жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. «Ауди» көлігінің жолаушылары - ҚХР-ның азаматтары 5 адам, оның ішінде 4 және 6 жастағы 2 бала ауруханаға жеткізілді.