ШҚО-да Осинов өткелін айналып өтетін көпір салынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2017 жылдан бастап ШҚО-да Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнарлары автожолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды altaynews.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Олжас Ахметовтың мәліметінше, жол учаскесінің үш мыңнан астам шақырымы мемлекеттік орман қорының жерінде орналасқан екен. Сондықтан ол учаскелерде жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жоқ.
Қазір сол жерлерді басқа категорияға ауыстыру бойынша мәселе ҚР Үкімет деңгейінде шешіліп жатыр.
Осы мәселеге байланысты Осинов өткеліндегі серпантиндерді айналып өтетін көпірдің құрылысы басталмай тұрған еді.