ШҚО-да осы аптаның соңына дейін қар көшкіні жүру қаупі бар
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 11-14 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі құбылмалы ауа райы мен желдің күшеюіне байланысты осы аптаның соңына дейін қар көшкіні жүруі мүмкін. Әсіресе таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі жоғары.
Осы ретте, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті облыс жұртшылығына 14 ақпанға дейін таулы жерлерге бармау қажеттігін ескертті. Сондай алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отырған жөн.