ШҚО-да осы жылы 5 спорт кешені салынады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 5 спорт кешені салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде заманауи спорттық-мәдени кешеннің құрылысы жүргізілмек. «Алтай Арена» деп аталатын кешенде бассейн, екі мұражай және спорт алаңы болады.

«Заманауи спорттық-мәдени кешеннің құрылысына 19-шы тұрғын үй шағынауданындағы учаске белгіленді. Онда тарихи-өлкетану және этнографиялық мұражайлар орналасады. Ал орталық аренада бір мезетте бес мың көрермен сияды», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, биыл өңір бойынша 5 жаңа спорт кешені бой көтермек.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында бір жылда 38 спорт нысаны салынғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар