ШҚО-да өзендерде су деңгейі көтеріледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1-4 сәуір аралығында өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспаөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1-4 сәуір аралығында өңірде ауа температурасы күрт жылынады деп күтілуде.

«Соған байланысты қар жылдам қарқынмен еріп, өзендерде су деңгейі көтеріліп, қызыл су жүруі мүмкін. Яғни көшелерді, үйлерді су басу қаупі жоғарылайды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД азаматтарға бірқатар кеңес берді:

- Үй маңын қардан тазартып, арық пен бұлақ арналарын бітеп тастамау қажет.

- Жағдай ушыққанда эвакуациялауға дайын болу, малды қауіпсіз жерге апару.

- Құжаттарды, қажетті заттарды, дәрі-дәрмекті дайындап қою керек.


Соңғы жаңалықтар