ШҚО-да өзін банкрот деп тану үшін 30 адам сотқа жүгінді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл қабылданған жаңа заң бойынша өзін банкрот деп тану үшін 30 адам сотқа жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір тұрғындары арасында өзін банкрот деп тану үшін сотқа жүгініп жатқандар бар. Алайда олардың көбісіне заң бойынша бас тартылған.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң 2023 жылғы 3 наурызда күшіне енген. Қарызы бар және оны өтей алмай жүрген азаматтар заңгердің көмегімен банкроттық туралы арыз бере алды. Осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстанда барлығы 30 адам банкроттық жариялау үшін сотқа арызданған», - дейді облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дулат Салатов.

Оның ішінде 22-сіне заң бойынша бас тартылды.

«Қалған қаралып жатқан істер әлі апелляциялық сатыда. Бұл жаңа заң болғандықтан кейбір жағдайларда қиындықтар да туындап жатыр. Мәселен, бірнеше адам ортақ жауапкершілікте болғанда бір адамды банкрот деп тану қиын», - дейді Д. Салатов.


Соңғы жаңалықтар