ШҚО-да полиция подполковнигін соққыға жыққан ауыл тұрғыны сотталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО-да полиция подполковнигін соққыға жыққан ауыл тұрғыны сотталды. Оқиға Самар ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО-да полиция подполковнигін соққыға жыққан ауыл тұрғыны сотталды

11 шілдеде полицияға ауылдардың бірінде адам қайтыс болғаны туралы хабарланды. Полиция подполковнигі К. көрсетілген мекенжайға барды. Қайтыс болған ауыл тұрғынының ұлы қызметкерлерге агрессия танытып, подполковникке жұдырық жұмсады.

Күршім аудандық соты ер адамды Қылмыстық кодекстің 380-бабының 3-бөлігі (билік өкіліне қатысты өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану) бойынша айыпты деп танып, оны екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.