ШҚО-да пробация қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған ер адам жазаланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бірнеше азық-түлік дүкенін тонағаны үшін сотталған ер адам пробация қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, пробация қызметінде есепте тұрған азамат билік өкілін қорлап, пышақпен шабуыл жасаған.

«40 жастағы ер адам азық-түлік дүкеніне бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталып, пробация қызметіне есепке алынған. Тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде ол пробация қызметкерінің заңды талаптарын орындамады. Онымен қоймай, өз міндеттерін орындап жүрген билік өкіліне былапыт сөздер айтып, оған пышақпен шабуылдаған. Абырой болғанда, жәбірленушіге ешқандай дене жарақаты келтірілген жоқ», - делінген ақпаратта.

Сот үкімімен кінәлі деп танылған ер адамға айыппұл салынған. Апелляциялық шағымда сотталған өзінің кінәсіздігін айтып, шығарылған үкімнің күшін жоюды сұрады.

Алайда апелляциялық сот істегі бар дәлелдемелерді тексеріп, үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Атырау облысында жоғалған жігіттің денесі Ойыл өзенінен табылғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар