ШҚО-да сабақтар тоқтатылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде көктайғаққа байланысты қала мектептерінде сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА арнаулы тілшісі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ШҚО-да сабақтар тоқтатылды

«Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, 10 ақпан күні Семейде екпінді жел мен көктайғаққа байланысты 1-11 сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды», - деді ТЖД-дан.

Бұдан бөлек, ауа райының қолайсыздығына байланысты ШҚО-ның Шемонаиха ауданында оқу процесі тоқтатылды. Мұнда бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармады.


Авторы Орал Ерланұлы