ШҚО-да сағатына 30 МВт ток өндіретін күн электр стансасы салынып жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында күн электр стансасы салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Балама энергия үлесін арттыру мақсатында қолға алынған жобаның құны 17,5 млрд теңге. Қытайдан инвестиция тартып отырған «Жаңғыз solar» компаниясы өндірген энергияны «KEGOK», «ШҚ РЭК» АҚ арқылы ел аумағына таратады. Жоба 2017 жылы қолға алынған, 2019 жылдың шілде айында аяқталуы тиіс.

null «Жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізіп болдық. Барлық сметалық құжаттары, техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Күн панельдері қойылатын 66 гектар аумақ қоршалды. Электр магистраліне ток беретін қосалқы стансаның іргетасын қалап жатырмыз. Нысан жобалық қуатына толық енгеннен кейін жылына 45 млн МВт электр энергиясын өндіреді»- дейді жоба жетекшісі Хуадже Ян.

Жаңғызтөбе кентінде бұдан бөлек 2 жел электр стансасын салу жоспарланып отыр.

«Мұнда бүкіл облысқа электр таратып тұрған торап бар. Инвестордың бәрі сондықтан біздің кентті таңдайды», -дейді кен әкімі Қайырғазы Закимов.null 

Бұл нысан іске қосылғанда облыста өндірілетін энергияның 2 пайызы балама көзден алынатын бодады деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар