ШҚО-да салынып жатқан Ақтоғай байыту кешенінде жұмысшы қаза тапты
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - KAZ Minerals тобы 2016 жылы 26 ақпанда ШҚО-да салынып жатқан Ақтоғай кен байыту кешенінде қайғылы оқиға орын алғанын хабарлады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде шамамен сағат 4:30-да мердігер ұйымның жұмысшысы 25 метр биіктен құлап кетті.
Оқыс оқиғаның мән-жайы қазір анықталып жатыр. Оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.
Компания қызметкерлері оның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, деп жазылды компания таратқан ресми хабарламада.