ШҚО-да саяжайдың шатырына жай түсіп, өртеп жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Глубоков ауданында саяжайдың төбесіне жай түсіп, өртеп жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ШҚО-да саяжайдың шатырына жай түсіп, өртеп жіберді

Оқыс оқиға «Яблонька» саяжай алабындағы Кожохов ауылында болды. Көршілері саяжайдың төбесіне жай түскенін көрген. Абырой болғанда, үйдің ішінде ешкім болмаған.

Оқиға орнына алдымен №23 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері жетті.

«Мансарда типіндегі үйдің төбесі жанғыш материалдармен қапталғандықтан, жалын жылдам тараған. Біздің міндетіміз өрттің жан-жаққа тарауына жол бермеу еді. 45 минуттың ішінде өрт сөндірілді, бірақ үйдің төбесі толып жанып кеткен еді», - дейді №23 Өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары Аслан Ыбыраев.

№23 бөлімшеге көмектесуге Жоғарғы Березовка кентіндегі №37 бөлімшенің қызметкерлері келді.

Қазір келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.