ШҚО-да сайлау комиссиясының мүшелері 3 күндік үй карантиніне жіберілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында сайлау комиссиясының мүшелері 3 күндік үй карантиніне жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да сайлау комиссиясының мүшелері 3 күндік үй карантиніне жіберілді

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды. Онда сайлау комиссиясы мүшелерінің 72 сағаттық үй карантиніне оқшауланғаны жазылған.

«Сайлау комиссиясының мүшелері 3 күн өткеннен кейін ПТР әдісімен COVID-19-ға сынама тапсыруы тиіс. Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетіледі. Бұл ретте, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы 72 сағат ішінде үй карантиніндегі сайлау комиссияларының мүшелерін медициналық бақылауды қамтамасыз етуі қажет», - делінген қаулыда.

Сонымен қатар қала және аудан әкімдіктері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өткізілген объектілерде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуге міндетті.