ШҚО-да сегіз жасар баланы ат таптап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласының маңындағы ауылда бала ат тұяғынан зардап шекті.
Атқорада жылқы әуелі баланы теуіп, содан кейін тұяғымен таптай бастаған, деп хабарлады YK-news.kz.
Ана мен бала орталығының нейрохирургия бөліміндегі дәрігерлердің айтуынша, көмек сұрап шыңғырған айқайға үйден ата-аналары шыққан. Әкесі мен анасы жылқыны қуып тастап, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер баланы әуелі Аягөз аудандық ауруханасына, одан кейін тікұшақпен облыс орталығына жеткізді. Бас сүйегі, бұғанасы сынған баланы бірден операцияға жатқызды. Қазір оның жағдайы қалыпты, дегенмен оған тағы бір операция жасалуы тиіс.