ШҚО-да шекарадан оқ және қару алып өтпек болған екі адам ұсталды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шекарашылар қазақстандық пен Ресей азаматшасынан қару-жарақ және оқ-дәрі тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 сәуірде Семейдің «Үбе-авто» бөлімшесінде шекара жасағы Ресейге шығып бара жатқан 33 жастағы Қазақстан азаматының автокөлігіндегі заттардың арасынан калибры 8 мм «RЕCК» маркалы газ тапаншасы мен оның оқтарын, «JSJ 609» электрошокерін тауып алды.
Ал, «Ауыл авто» бөлімшесінде 1977 жылғы Ресей азаматшасының «Тойота Тундра» автокөлігінен аңшы мылтығының оқ-дәрілері табылды.
Ұсталғандар Шемонайха және Бородулиха ауданының полиция бөлімдеріне тапсырылды.