ШҚО-да шектеу шаралары 30 желтоқсанға дейін ұзартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 30 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңірдегі карантиндік шектеулер 30 желтоқсанға дейін қайта созылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

«Қоғамдық тамақтану орындары отбасылық, ұжымдық шараларды өткізбей, бір үстелге 4-6 адамнан ғана отырғызып, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтап жұмыс істейді. Мереке және сенбі күндері супермаркеттерге, гипермаркеттерге, сауда үйлеріне толтырылуы 30%-дан аспаған жағдайда, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарды ашпай жұмыс істей алады», - делінген құжатта.

Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда ғимарат ішінде және ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік базарларының жұмысына сағат 07.00-ден 19.00-ге дейінгі аралықта рұқсат етілді.

Сондай-ақ жалпы ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілері тәулік бойы жұмыс істейтін болады.


Соңғы жаңалықтар