ШҚО-да шыққан дала өрті екі күннен соң сөндірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында шыққан дала өрті екі күннен соң сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да шыққан дала өрті екі күннен соң сөндірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 тамызда Малиногорск ауылында шөп өртенген. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен орманшылар қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті.

«Тілсіз жаудың жалпы ауданы 40 шаршы метрге жетті. Өртке оранған орман аумағы 4,2 гектарды құраған. Бүгін сағат 07.25 шамасында от толықтай сөндірілді. Өртпен күреске жеке құрамнан 151 адам мен 18 техника жұмылдырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы дала өрті 40 гектарға жайылғанын хабарлаған болатынбыз.